Словакияда екі лаңкестік әрекет жасалды
АСТАНА. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат - Словакияда екі лаңкестік әрекет жасалды, деп хабарлады ел өкіметі. Әзірге нұсқасы анықталмаған жарылғыш құрылғы пластик есік-терезелер шығаратын кәсіпорында іске қосылып, бір адамның өліміне әкелген.
Екінші бомба Топольчани қаласындағы Euromont зауытында орналасқан шағын дүкеннің аумағында жарылған. Жарылыс салдарынан бес адам жараланған, деп хабарлайды Associated Press агенттігі.
Жарылыстардың себептері мен оларды орындаушылар туралы ақпарат жария етілмей отыр.