Словакияда Қазақстанның алғашқы Құрметті консулдығы ашылды

None
БАНСКА-БЫСТРИЦА. ҚазАқпарат – Банска-Быстрица қаласында Қазақстан Республикасының Словакиядағы алғашқы Құрметті консулдығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Құрметті консулдықтың ашылуы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне және Қазақстан мен Словакия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына (1 қаңтар 1993 ж.) орайластырылған.

Салтанатты шараға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Төлежан Барлыбаев, Банска-Быстрица аймағының басшылығы, қоғам өкілдері, ғылыми, мәдени және іскерлік топтар өкілдері, журналистер мен дипломаттар қатысты.


Министрдің орынбасары Роман Василенко Консулдықтың Словакияның ірі қаржы, ғылыми, білім беру және туристік орталығы – Банска-Быстрицада ашылуының маңыздылығын атап өтті. ҚР Құрметті консулы – белгілі қоғам қайраткері, Словакия аңшылық палатасының президенті Тибор Лебоцкийді жұртшылыққа таныстыра отырып, отандық дипломат консулдықтың қызметі мәдениет, ғылым, білім, экономика және сауда сияқты салаларда қазақстан-словак ынтымақтастығын дамытуға және нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді. Сондай-ақ, ол Қазақстандағы саяси оқиғалар туралы баяндады. Жақында өткен президенттік сайлаудың қорытындылары – Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары бағытын жалпыхалықтық қолдаудың айғағы, Қазақстан қоғамының саяси жетілуінің символы және ауқымды мемлекеттік қайта құруларды одан әрі ілгерілетудің кепілі болғанын атап өтті.


Ашылу салтанаты аясында «Ayalagan Alaqan» қоғамдық қайырымдылық қорының қолдауымен мүмкіндігі шектеулі қазақстандық балалардың «Әлем балалар көзімен» сурет көрмесі, сондай-ақ «Болашаққа ұмтылған Қазақстан» фотокөрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара қонақтарына Қазақстанның табиғаты мен мәдениеті туралы кітаптар сыйға тартылды.


Фото: gov.kz


Соңғы жаңалықтар