Словакияда парламенттік сайлауда дауыс беру басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Словакияда парламенттік сайлауда дауыс беру үшін сайлау учаскелері ашылды. Ондағы басым тақырып көші-қон мәселесі болады деп күтілуде.
Елдің премьер-министрі, социал-демократ Роберт Фицо үкімет басшысы лауазымында үшінші рет қалуды көздеп отыр.
Сайлауалды науқанда ол Еуропалық одақтың мигранттарды қабылдауға жеңілдік енгізуге келіспейтініне сөз берді.
Словакия парламентінде 150 депутат бар. Сайлауға 22 партия қатысады. Депутаттардың өкілеттілігі төрт жылды құрайды, деп жазды Би-би-си.