Словакияның Премьер-министрі аяғының астынан әмиян тауып алды

АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - Словакия Премьер-министрі Роберт Фицо Дунай жағасымен жүгіруге шығып, ішінде көп ақша мен несиелік карта бар әмиянды тауып алды, деп хабарлады РБК.
None
None

Саясаткердің сөзіне қарағанда, онда бөтеннің мүлкін қалтасына басу пиғыл жоқ және жоғалған затты иесіне қайтаруға дайын.

Әмиянның алаңғасар иесі оны үкіметтің қабылдау бөлмесінен алып кете алады. Бұл ретте, жағалау ортасынан әмиянның табылуы Словакияның интернет қолданушылары үшін адам сенгісіз факт болып көрінді, және ол бірден әзіл-қалжың үшінжақсы тақырыпқа айналды.

Олардың денінде шығысеуропалық елдің кедейлігі айтылған. Мемлекет жан басына шаққандағы кіріс деңгейі бойынша Еуроодақта соңынан санағанда екінші орында тұр.

Әзілкештер Р.Фицоға қарата айтқан сөзінде, несиелік карталарды оңды-солды шашуға әрбір словактың жағдайы көтере бермейді деп қалжыңдауда.

Соңғы жаңалықтар