Словакияның жаңа президенті жалақысыз жұмыс істейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Словакияның жаңа сайланған президенті кәсіпкер және қайырымдылық іспен айналысушы Андрей Киска өзінің өкілеттік ететін бес жылдық мерзімінде мемлекет басшысының жалақысынан бас тартты, деп хабарлады Росбалт.

Словакияның жаңа президенті жалақысыз жұмыс істейді

БЕЛТА агенттігінің ақпараты бойынша, Словакия президентінің жалақысы айына 6,6 мың еуроны құрайды. Андрей Кисканың инвестициялардан түрлі қорларға аударылатын бір жылғы табысы шамамен 700 мың еуроны құрайды.

Еске сала кетейік, 30 наурызда Андрей Киска сайлаудың екінші кезеңінде 59,04 пайыз дауыс жинап, Словакияның президенті болып сайланды.