13:41, 07 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Словенияда биатлоннан ел намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Словенияның Поклюка қаласында 9-11 желтоқсан аралығында биатлоннан әлем кубогының екінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл додада ел намысын 10 спортшы қорғайды. Ерлер арасында Ян Савицкий, Максим Браун, Антон Пантов, Владислав Витенко, Василий Подкорытов болса, әйелдер арасынан Галина Вишневская, Дарья Усанова, Анна Кистанова, Алина Райкова, Ольга Полторанина өнер көрсетеді.
Онда спортшыларымыз 9 желтоқсанда спринттен сынға түссе, 10 желтоқсанда із кесу сайысы бойынша өнер көрсетеді. Ал 11 желтоқсан күндері эстафеталық сайыстан үздіктер анықталады.