Словениядағы форумда Елбасының бітімгершілік рөлі туралы айтылды

БЛЕД-АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың және елдің беделі - мемлекеттің халықаралық медиациядағы жетістігінің кепілі.  Бұл ретте осындай күш-жігердегі орташа деңгейдегі мемлекеттердің рөлі болашақта объективті түрде өсетін болады. 

Словениядағы форумда Елбасының бітімгершілік рөлі туралы айтылды

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко 10-11 қыркүйекте Словенияда өтіп жатқан «Bridging the Divide» (алшақтықты жеңу) тақырыбы бойынша жыл сайынғы Блед стратегиялық форумында осылай мәлімдеді, деп хабарлайды сыртқы саясат ведомоствосының баспасөз қызметі.

Р. Василенко «Әлемдегі жаңа көпполярлы медиация - үміт пен шындық арасында» панельдік сессиясындағы сөзінде форумға қатысушыларды көпжақты дипломатияны дамытуға және ынтымақтастыққа, сондай-ақ жанжалдарды бейбіт және алдын ала реттеуге бағытталған Қазақстанның сыртқы саясатының басымдықтары туралы хабардар етті.

Осыған байланысты Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға, сонымен қатар шиеленісті жағдайларды саяси және дипломатиялық тәсілдер арқылы бейбіт жолмен шешуге елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті.

Қазақстан дипломаты Астананың шиеленіс аймақтарындағы мәселелерді халықаралық құқықтың нормаларына сәйкес ықпалды халықаралық тетіктерді қабылдау арқылы бейбіт жолдармен шешуді қолдайтынын баса айтты. Қазақстанды әлемнің өңірлік медиатор ретінде жоғары деңгейде мойындауы біздің еліміздің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) және Ислам ынтымақтастығы ұйымына (ИЫҰ) төрағалық етуі, сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру туралы бастамасын әлемдік қоғамдастықтың қолдауы болды.

«Президентіміздің бітімгершілік негізінде оның жеке көзқарасы мен ұстанымдары арқау болады. Оның күш-жігерінің арқасында әртүрлі елдер арасындағы қарым-қатынастардағы шиеленістер азаюда», - деді Р.Василенко.

Президент Н. Назарбаевтың жеке медиациялық жігерінің арқасында 2016 жылы Ресей мен Түркия көшбасшылары арасындағы қарым-қатынас қалпына келтірілді және 2017 жылдың басынан бастап Сирия бойынша Астана процесі іске қосылды.

Осы ретте, Астана келіссөздері жиынға қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Қазақстан дипломаты қазіргі кезге дейін ұйымдастырылған келіссөздердің он кезеңінің басты жетістігі - жауынгерлік әрекеттерді тоқтату тәртібін үш жақты бақылау тетігін орнату, Сириядағы шиеленісті әлсірету аймақтарын құру, сондай-ақ ұсталғандармен алмасу, қаза тапқандарды тапсыру және хабарсыз кеткен адамдарды іздеу бойынша жұмыс топтарының құру екендігін атап өтті.

Отырысқа қатысушылар өңіраралық өзара іс-қимылға және ұсынылған форматтағы белсенді диалогты жалғастыруға, Қазақстанмен ынтымақтастықты арттыруға үлкен қызығушылық танытты. Иран ядролық бағдарламасы бойынша көп жылдық келіссөздерге тікелей қатысқан Еуропа сыртқы іс-әрекеттер қызметінің (ЕСВД) Бас хатшысы Хельга Шмид панельдегі өз сөзінде «алты қосу бір» форматында халықаралық топтың келіссөздерді жүргізудегі, сондай-ақ Бірлескен кешенді іс-қимыл жоспарын (БКҚЖ) имплементациялаудағы Қазақстанның сындарлы рөлін атап өтті. Бұл ретте, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуді қоса алғанда, өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуде Еуропа одағының Қазақстанмен және өңірмен одан әрі сындарлы ынтымақтастығының әлеуеті туралы атап өтілді.

Форум аясында Р. Василенко мен Х. Шмид арасында және бірқатар Еуропа және Азия елдеріндегі әріптестерімен екіжақты кездесулері өтті. Еуропа сыртқы байланыстар қызметі басшысымен ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері, оның ішінде Қазақстан мен ЕО арасындағы визалық режімді жеңілдету перспективалары, сондай-ақ Орталық Азия елдерімен қарым-қатынас бойынша ЕО жаңа стратегиясын әзірлеу барысы талқыланды.

Айта кеткен жөн, Блед стратегиялық форумы (БСФ) 2006 жылы Оңтүстік-Шығыс және Орталық Еуропа бойынша саясат, қауіпсіздік және экономикалық даму саласындағы қазіргі заманғы мәселелерді талқылау үшін түрлі салалардағы басшыларды тарту, сондай-ақ оларды шешудің жаңа жолдарын табу мақсатында 2006 жылы құрылды.  Осы жылы Словения үкіметі ұйымдастырған басты сыртқы саяси халықаралық іс-шараға 70 елден 1200-ден астам қонақ қатысты, оның ішінде мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың жоғары лауазымды тұлғалары, сыртқы істер министрлері, саясаткерлер, сарапшылар, БАҚ өкілдері және басқалар.

БСФ-ті ұйымдастырушылар - Словения Республикасының Үкіметі, Сыртқы істер министрлігі және Еуропа перспективалар орталығы. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Блед стратегиялық форумы әділ және демократиялық әлемдік тәртіпті қалыптастыру үшін идеялармен бөлісу алаңдарының бірі болып табылады.

null null