СІМ басшысы Ислам ынтымақтастығы ұйымымен өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Ислам ынтымақтастығы ұйымы Бас хатшысының Ғылым және технология мәселелері жөніндегі орынбасары Афтаб Хокерді қабылдады.
Кездесу барысында ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы сұхбаттасқа «Өңірлік экологиялық саммит 2026» іс-шарасына қатысқаны үшін алғыс білдіріп, сондай-ақ Астананың ИЫҰ-мен ынтымақтастыққа ерекше мән беретінін атап өтті.
Өз кезегінде А.Хокер Қазақстанның ИЫҰ қызметіне қосқан үлесін жоғары бағалап, Ұйымның ҚР-мен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілігін атап өтті.
Сұхбат соңында тараптар белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Сыртқы істер министрі Иран Елшісін қабылдағанын жазған едік.