СІМ: Газа тұрғындарының Қазақстанға көшірілетіні – фейк

АСТАНА. KAZINFORM – Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров соғыс ошағына айналған Газаның тұрғындары Қазақстанға көшірілетіні туралы мәліметтерді фейк деп атады.

Ресейді әбігерге салған дрондар Қазақстан аумағынан ұшырылды ма – СІМ жауабы
Фото: Kazinform

– Бұл анық әрі өрескел фэйк. Шындыққа жаспайды. Мұндай ақпаратты кімдер тарататынын білмеймін, бірақ біреуге тиімді деген сөз, - деді ол ведомствоның кезекті баспасөз мәслихатында. 

Айбек Смадрияов Қазақстан Газадағы жағдайды бейбіт жолмен шешуді қолдайтынын, бірақ бұл ондағы тұрғындарды өз аумағына көшіріп әкелуге дайын дегенді білдірмейтінін айтты. 

Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Иран-Израиль текетіресінің Қазақстанның сыртқы саудасына қалай әсер етіп жатқанын айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар