СІМ қазақстандықтарды Таяу Шығысқа бармай тұрып жақсылап ойлануға шақырды

АСТАНА. KAZINFORM – Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандықтарды Таяу Шығыс сапарларына қатысты байсалды шешім қабылдауға шақырды.

Өзбекстан Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды
Фото: t.me/Irna_ru

- Бізден шыққан рейстер толы күйінде кетіп жатыр. Кеше Air Astana әуе компаниясы бірнеше рейсті шегерді. Сондықтан елге кері қайтқа кезде ақаулар, кешігулер болуы мүмкін, - деді Айбек Смадияров. 

Сондай-ақ, ол шиеленіс өршіп тұрған аймақтарға сапар жоспарламай тұрып жеке қауіпсіздік мәселесін жақсылап ойлану керектігін еске салды. 

– Бұл елдерге бармай тұрып жақсылап ойланып, саналы шешім қабылдауға шақырамыз. Әр азамат өз қауіпсіздігі үшін өзі жауап береді. Соның өзінде шетелдегі қазақстандықтардың құқықтары мен мүддесін қорғау дипломаттарымыз үшін басым бағыт болып қала береді, - деді СІМ ресми өкілі.

Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Иран-Израиль текетіресінің Қазақстанның сыртқы саудасына қалай әсер етіп жатқанын айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар
Референдум