СІМ Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты мәлімдеме жасады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Таяу Шығыстағы ахуалдың күрделенуіне байланысты мәлімдеме жасады.

СІМ Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты мәлімдеме жасады
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

— АҚШ-тың Иранға қарсы соңғы әскери әрекеттерінің нәтижесінде әлемнің біздің бөлігінде орналасқан мемлекеттердің қауіпсіздігі үшін қатерлі салдары бар халықаралық жағдайдың күрт нашарлауы байқалып отыр. Қазақстан Каспий маңы елдерінің тобына кіреді және Иранмен түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытуда. Мемлекетіміз барлық келіспеушіліктерді, оның ішінде ядролық мәселелерді БҰҰ Жарғысы негізінде келіссөздер жүргізу арқылы шешу қажет деп санайды, — делінген хабарламада.

Министрлік барлық мүдделі елдерді ядролық қарудың таралуына жол бермеу және халықаралық бақылаумен таратпау режимін ұстанатын мемлекеттердің қауіпсіздігіне кепілдіктер беру мақсатында келісімді жақын арада әзірлеуге шақыратынын жазды.

Еске сала кетейік, АҚШ Иранның ядролық нысандарына соққы жасап, Трамп операцияны сәтті деп атады.

Артынша Дональд Трамп Иранның уран байыту нысандарын толықтай жойғанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар