Smart Astana арыз-шағым мен өтінімді де қарайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Smart Astana арыз-шағым мен өтінімді де қарайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Smart Astana арыз-шағым мен өтінімді де қарайды

Жаңа қызметтің арасында мынадай да сервистер бар:

- Медициналық мекемеге шағымдану - Астана қ. Медициналық мекемесіне шағым қалдыруға мүмкіндік береді.

- ПИК табу - сервис өзіңнің ПИК-іңді табуға көмектеседі.

- Әкімшілік айыппұлды іздеу - сервис ЖСН арқылы әкімшілік айыппұл туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

- Менің сайлау округім - сервис округ пен сайлау учаскесі туралы ақпарат алуға және де мәслихат депутатының байланыс нөмірін білуге мүмкіндік береді.

- Тілек білдіру - сондай-ақ кез келген қолданушы қосымшаны жақсарту туралы тілегін қалдыра алады және де жаңа сервиске қосыла алады.

- Лифт картасының балансы - лифт картасының номері арқылы балансты тексеру мүмкіндігі.