«Смарт Орал» орталығында азаматтарға 641 қызмет түрі көрсетіледі

ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Смарт Орал» орталығында азаматтарға 641 қызмет түрі көрсетіледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Смарт Орал» орталығында азаматтарға 641 қызмет түрі көрсетіледі

Ашылғанына көп бола қоймаған халыққа қызмет көрсету орталығындағы жұмыстың тиімділігіне осында болған Мәжіліс депутаттары Бақтияр Мәкен, Жексенбай Дүйсебаев және Зәуреш Аманжолова көз жеткізді.  

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында іске қосылған аталмыш орталықтың басты мақсаты - мемлекеттік қызметтер сапасын арттырып, көрсету мерзімін қысқарту, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді жою. Мұнда ашылғаннан бері «Бір терезе» қағидаты бойынша 1600-ден астам қызмет көрсетілген. Электронды қызмет жүйесімен, басқа да қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген орталықта тұрғындар ғана емес, кәсіпкерлерге қызмет көрсетіледі. Оған қоса құқық қорғау қызметі орталығында прокуратура өкілдері, медиаторлар мен адвокаттар кеңес береді.

null

Алдағы уақытта мұнда екінші деңгейлі банк өкілдерін, «Атамекен» ҰКП, «Қазақинвест» компаниясы, «Орал» ӘКК» мекенжайларын орналастырып, жерге және сәулетке байланысты қызметтерді көрсету көзделуде.  

Мәжіліс депутаты Б.Мәкен орталықта тұрғындарға көптеген қызметтің бір жерден көрсетілетінін, адамдардың әр мекемеге жүгіріп жүрмейтіндігін, мұның «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының талаптарына сай келетінін жеткізді.

null

Сол секілді Мәжіліс депутаты З.Аманжолова Оралда көп кешікпей автокөлік иелеріне құжат рәсімдеуді жеңілдететін арнайы қызмет көрсету орталығының да ашылатынын, мұның бәрі халыққа қолайлы болуы үшін жасалып отырғанын атап өтті.