Смартфон қолданған жаяу жүргіншілерге айыппұл салынуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Немістің жаяу жүргіншілер қауымдастығы жүру кезінде смартфон қолданатын адамдар үшін айыппұл жүйесін енгізуді ұсынды.

Смартфон қолданған жаяу жүргіншілерге айыппұл салынуы мүмкін

Қауымдастық өкілдерінің пікірінше, аталған аппараттарды қолдану қайғылы оқиғалар қаупін өсіреді, деп хабарлайды Euromag.

Жаяу жүргіншілердің Ұлттық қауымдастығы (FUSS) көлікті басқару кезінде телефонмен сөйлескен жүргізушілерге айыппұл салған соң көліктер көп жүретін жерлерде смартфонға қарап, құлаққаппен жүрген адамдарға қатысты хаттамалар толтыруды ұсынған.

Жүріс кезінде мобильдік құрылғыларды қолдану адамның ықылас аударуын төмендетеді, деп сендіруде Берлиндегі қауымдастық. Бұдан басқа, FUSS өкілдері соңғы уақытта смартфондарды жүріс кезінде қолданатын жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған жол апаттары санының өсуін көрсетіп отырған зерттеулердің мәліметтерін ұсынуда.