Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Смартфон күн сәулесімен қуатталатын болады

АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Бәрімізге белгілі, смартфонның көбіне ең қолайсыз уақытта күш қуаты таусылып қалады. Жиі ұшырасатын мұндай мәселені енді күн көзәйнектері арқылы оп-оңай қуаттауға болады, деп хабарлады РБК.

Смартфон күн сәулесімен қуатталатын болады

Мұндай тамаша жаңашылдықты Сан-Франциско тұрғыны Сайли Калускар ойлап тапқан. Қарапайым күннен қорғайтын көзілдіріктерге фотоэлементтер орнатылады. Ал олар пластикке орнатылған батареяға қосылған. Көзілдіріктің имек тұтқасы оның жиегіне USB-ажырағышы арқылы бектіледі.

Смартфон иесі көзілдірік киіп жүрген кезде фотоэлементтер күн энергиясынан қуат алады. Кейін көзілдіріктің имек тұтқасы оның жиектемесінен ажырап, телефонға қосылып, оны қуаттандырады.