Смартфонды қуаттандыратын джинси шалбарлар шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал американдық киім бренді iPhone үшін қуаттандыратын құрылғысы бар джинси шалбарлар шығарды, деп хабарлайды S2 порталы.
None
None

Яғни, бұл джинсилер тек киім ғана емес, смартфондарды қуаттандыру көзі болып табылады.

Смартфон артқы қалтаға салынады, ал қуат көзі шалбар белдігі алдындағы ерекше қалташаға салынған. Аккумулятор көлемі шағын ғана. Бір iPhone 6 ол 85% ғана қуаттандыра алады.

Аккумуляторды джинсіден бөлек сатып алу қажет, оның құны - $49, ал шалбар құны - $189 тұрады.

Соңғы жаңалықтар