Смартфонды пайдалану салмақты ұлғайтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гаджет экрандарынан шығатын көк түс адамның асқа тәбетін көтереді. Солтүстік Батыс Чикаго Университетінің ғалымдары осындай шешімге келді, деп хабарлады The My Daily.
Зерттеу көрсеткендей, осындай көк түс 15 минут әсер еткеннен кейін адамның қарыны аша бастаған. Тіпті астан жаңадан тұрып қолға гаджет алғанда да осындай әсер болады екен. "Кеші уақытта 3 сағаттай смартфонды пайдаланса, зат алмасу бұзылып, аштық сезімі пайда болады ", - деді зерттеуші Иви Ченг. Адамдардың ұйықтар алдында смартфондар мен компьютерлерді пайдалануы жиілеп кетті. Осыған дейін Хартфордшир Университетінің зерттеушілері 12 ай ішінде ұйықтай алмайтын адамдар саны 50% артқанын аңғарған. Олар ұйықтай алмағандықтан тамақтанып алады екен.
Мобильді құрылғылар көзге де мол зиян тигізеді.