Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Смартфонның түтіндей бастауынан АҚШ-та ұшақ эвакуацияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Southwest Airlines әуе компаниясының бортында Samsung Galaxy Note 7 смартфоны түтіндеп, 75 жолаушы мен экипаж мүшелері қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат newsru.com.сайтына сілтеме жасап.

Смартфонның түтіндей бастауынан АҚШ-та ұшақ эвакуацияланды

Оқиға сәрсенбі күні, 5 қазанда болған. Жолаушылардың бірі өзінің Samsung фирмасының смартфонынан түтін шығып жатқанын хабарлады. Осыдан кейін борттағы 75 жолаушы мен экипаж мүшелері көшірілді. Өрт қауіпсіздігі қызметкерінің айтуынша, оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Түтіндеген смартфон құлаған ұшақтың кілеміне аздаған зақым келген.

Индианалық Сара Грин The Courier-Journal of Louisville журналына ұшақ күйеуіне тиесілі Galaxy Note 7 телефоны үшін эвакуацияланғанын хабарлады.