Смайылов: Қазақстанда салынатын АЭС халықаралық жоба болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда салынатын атом электр стансасы халықаралық жоба болады. Бұл туралы «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының «Жаңа Қазақстан» бағдарламасында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: criptoaldia.com

«Қазір электр қуаты балансын дайындадық және болашақта электр энергиясына тапшылықтың орын алатындығын көріп отырмыз. Сондықтан, атом электр стансасын салмай, біз бұл мәселені шеше алмаймыз», - деді Үкімет басшысы.

Оның пайымынша, экономикамызды электр энергиясымен толық қамтамасыз етпесек, онда ары қарай дамуымыз өте қиын болады.

«Cондықтан бұл мәселе бойынша шешім қабылданып, орны белгіленді. Енді Энергетика министрлігі дүниежүзінде бар тиісті озық технологияларды қарастырып жатыр. АҚШ, Франция, Оңтүстік Корея және орыстардың технологияларын зерделеп, қарастыру үстінде. Жалпы, бұл халықаралық жоба болады. Яғни, бірнеше мемлекеттен әртүрлі технология тартылады. Содан кейін тиісті шешім қабыланады», - деді Әлихан Смайылов.




Фото: criptoaldia.com


Соңғы жаңалықтар