Смайылов нарықта сапасы күмәнді тауарлар пайда болғанына алаңдаушылық білдірді
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыло Сауда және интеграция министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде нарықта сапасы күмәнді тауарлар пайда болғанына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінгі таңда қайдан шыққаны белгісіз қауіпті өнімдердің мәселесі бар. Бұл қазақстандықтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
Осыған байланысты, Сауда министрлігіне өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігіне мемлекеттік бақылауды күшейтуді қажет болса, сапасы талапқа сай келмейтін тауарларды тәркілеуді тапсырамын», - деді ол.
Үкімет басшысы өнімнің қауіпсіздігі туралы сертификаттарды беру процедурасына бақылауды күшейтуді тапсырды.
«Бизнес қауымымен бірлесіп, сұранысқа неғұрлым ие отандық өнімді сертификаттаумен айналысатын толыққанды ұлттық зертханалық база құру жөнінде шаралар қабылдансын», - деді Әлихан Смайылов.