Смайылов шетелдік туристен 800 доллар алған таксист туралы: Елдің имиджіне нұқсан келтіреді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан 2029 жылға қарай Саяхат пен туризмді дамытудың жаһандық индексі рейтингінде 50-орыннан төмен болмауға тиіс. Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырсында осындай тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстандық такси жүргізушісі шетелдік қонақтарды әуежайдан қонақүйге дейін 800 долларға жеткізіп салған жағдай бәрінің есінде.
Қонақүйлер мен жалпы турлардың, сондай-ақ ішкі билеттердің жоғары бағаларына, туристерге қызмет көрсету уақытына қатысты шағымдар бар. Мұндай келеңсіз жайттар елдің имиджіне нұқсан келтіреді», - деді Үкімет басшысы.
Сондай-ақ, тиісті ведомствоның алдындағы міндетті атады.
«Қазақстан 2029 жылға қарай Саяхат пен туризмді дамытудың жаһандық индексі рейтингінде 50-орыннан төмен болмауы тиіс. Алдымызға осындай мақсат қоюымыз керек», - деді Премьер-министр.