SMM туралы қазақша кітап шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрлан Жанайдың «Сиқырлы SMM» атты кітабы жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Сиқырлы SMM» - атына заты сай кітап екен. Сиқыры - кітаптың ерекше форматында. Гарри Поттер стилінде болғанымен, ол фильмді көрмеген болсаңыз да ештеңе жоғалтпайсыз. Өйткені барынша қарапайым, түсінікті тілде жеткізген. SMM үйренуге де міндетті емессіз. Интернеттегі өмір, әдеп, қолдану, психология, барлығы жазылған. Құпиясөзді қалай құру керектігінен бастап, әлеуметтік желі, желі психологиясы сияқты тақырыптар қамтылған. Кітап авторлары Нұрлан Жанай мен Абзал Досымнан бөлек көркемдеуші дизайнер Данияр Тәжімбеттің де еңбегін айта кету керек. Әдемі шыққан!», - деп жазды Аршат Ораз есімді Фейсбук қолданушы. 

Айта кетейік, кеше кітап авторлары елордада туындыларының ресми таныстырылымын өткізген болатын. Ал Алматы жұртшылығына бұл кітапты таныстыру 24 желтоқсан күні өтеді.

Соңғы жаңалықтар