Смоленскідегі саяжай иесі көршілерін далаға жаққан от түтіні үшін атып өлтірді
АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Смоленск облысында Мартыново ауылындағы бақ телімінде 54 жастағы еркек пен оның анасының денесі табылған. Бұл туралы РБК-ға РФ Тергеу комитетінен хабарлады.
Тергеушілер алдын ала қылмыстың тұрмыс жағдайлары себебінен жасалғанын анықтады. Саяжай иелері өз көршісінің құрбаны болды. Атап айтқанда, 25 жастағы Роман Ермаков, көрші жігітті анасымен бірге атып өлтірген. Олардың денелерінен көптеген оқ іздері табылды.
Ресми емес ақпарат бойынша, күдікті оның теліміне көршілер жақтан келген түтінге наразы болған. Оған іздеу жарияланды.
Аталған факті бойынша РФ ТК Смоленск облысы бойынша тергеу органдары РФ Қылмыстық кодексі 2-бөлімі 105-бабымен (екі немесе одан көп адамдарды өлтіру) қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады.