СМС-хабарлама жіберуді ойлап тапқан адам қайтыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - СМС-хабарлама жіберуді ойлап тапқан фин инженері Матти Макконен сырқат салдарынан көз жұмды. «СМС әкесі» 63 жаста болған.
Бұл туралы «Вести» хабарлады.
Макконенді әлемге танытқан идея 1984 жылы пайда болған. Ол Копенгагенде телекоммуникацияларға арналған конференцияда отырып, әңгімелесудің осындай түрін ойлап тапқан.
СМС технология кең тарап, араласудың ең танымал түріне айналғанда Макконен бұл жаңашылдығы үшін сыйақы ала алмады. Өйткені бұл идеясын патенттемеген.
Макконен өз ойын жария еткеннен кейін, құрастырушы Фридхельм Хиллебрандтың арқасында хабарламалардың форматы анықталды - 160 символ. Алайда жүйені 8 жылдан кейін ғана байқап көөруге мүмкіндік туды.