«Снежные барсы» «Карелин Кубогының» жеңімпазы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық «Снежные барсы» хоккей клубы Бердск қаласында өткен «Карелин Кубогының» иегері атанды, деп хабарлайды «Барыс» ХК баспасөз қызметі.
«Красноярские рыси» командасын 6:0 есебімен ойсыратқан «Снежные барсы» қатарынан бес кездесуді жеңіспен аяқтап, Бердск қаласында «Карелин Кубогын» жеңіп алды», - делінген хабарламада.
«Снежные барсы» клубы Жастар хоккей лигасында өнер көрсетеді.