09:35, 04 Қазан 2012 | GMT +5
«Снежные барсы» Жастар хоккей лигасының тұрақты чемпионатында «Толпардан» реванш алды
АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - «Снежные барсы» Жастар хоккей лигасының тұрақты чемпионатында «Толпардан» реванш алды.

Vesti.kz хабарлағандай, Уфадағы екінші кездесу 4:3 есебімен қазақстандық команданың пайдасына аяқталды.
Матчтың 15-інші минутында 3:0 есебімен «барстар» көшбастап тұрды. Дубльді Федор Козловский жасады, тағы бір шайба Нұрсұлтан Белгібаевтың еншісінде. Алаң иелері паритетті қалпына келтіре алды. 39-ыншы минутта Есмұханбет Төлепбергеннің голы шешуші болды. Еске салайық, Уфада өткен бірінші кездесуде «Снежные барсы» 1:5 есебімен жеңілген болатын.