Сноуден АҚШ-қа қайта оралғысы келетінін мәлімдеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұрынғы америкалық арнайы қызмет қызметкері Эдвард Сноуден АҚШ-қа қайта оралғысы келетінін мәлімдеді, алайда қай жерде болғанына қарамастан, өз қызметін жалғастыруға ниетті.

Сноуден АҚШ-қа қайта оралғысы келетінін мәлімдеді

Бұл туралы ҰҚА тыңшылық жүйесінің өкілі Бруклин музыкалық академиясында видеоконференция барысында мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.

«Маған және осы мәселеде, сонымен бірге біздің елдің мәселесінде не болып жатқаны маңызды емес, мен бәріне көндіктім», - деді видеобайланыс бойынша ВАМ фестивалінде қатысқан ол. Сноуден сапарының басында «еш жақсылық күтпегенін» мойындады. «Мен еш уақытта Ресейді таңдамас едім, өз еліме қайтқым келеді», - деді ол.

Алайда Сноуден рұқсаттан бас тартқан жағдайда, жұмысын тиімді жалғастыра беретінін мәлімдеді. 2014 жылдың ақпанынан бастап ол «Баспасөз бостандығы» қорының директорлар құрамына кірген.

Бұдан бұрын республикалық партиядан АҚШ президенттігіне үміткер миллиардер Дональд Трамп Сноуден тыңшы, ол сот үшін АҚШ-қа қайтуы тиіс, «егер Ресей ел ретінде бізге құрметпен қараса, оны елге қайтаруы тиіс» деген болатын.

Сноуден 2013 жылғы маусымда Washington Post және Guardian газеттеріне АҚШ және Ұлыбритания арнайы қызметтерінің тыңшылық бағдарламалары туралы бірқатар құпия материалдарын берген. Ол Гонконгке, одан Мәскеуге (біраз уақыт мәскеулік әуежайдың транзиттік аймағында болған), Шереметьево әуежайына келгеннен кейін америкалық билік оның төлқұжатының күшін жойды, бұл оның РФ аумағынан кетуіне заңды кедергіге айналды.

Кейіннен Ресей Сноуденге АҚШ-қа қарсы өз қызметін тоқтату жағдайымен бір жыл мерзімге уақытша баспана берді. 2014 жылғы бірінші тамызда оған үш жылға тұруға рұқсат берді, онымен ол Ресей бойынша ғана емес, одан тыс жерлерге де шыға алатын болды.