Сноуден Швейцариядан пана сұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эдвард Сноуден Швейцария билігінен пана сұрады, деп хабарлады Рейтер.

Сноуден Швейцариядан пана сұрады

Ол ЦРУ-да жұмыс істеген кезде тұрған Женеваға көшкісі келетінін айтқан.

Электрондық бақылаудың америкалық бағдарламалары туралы құпия ақпаратты таратқаны үшін Вашингтон іздеуге жариялаған ҰҚА-ның (ұлттық қауіпсіздік агенттігі) бұрынғы қызметкері өзі туралы деректі фильмнің көрсетілімінен кейін видеобайланыс арқылы Женева аудиториясымен сөйлескен.

"Швейцарияға қайта оралғым келеді, ерекше есте қалған оқиғалар Женевамен байланысты", - деді Ресейде жүрген Сноуден.

Бұл туралы ол адам құқықтары бойынша Халықаралық кинофестиваль мен форумға қатысушылардың сұрақтарына жауап беру кезінде айтты.

Форумда Оскар сыйлығына ие болған Эдвард Сноуденнің тарихын баяндайтын "Гражданин четыре" деректі фильмі таныстырылды.

Швейцария билігі мұны қалай қабылдағаны туралы әзірге хабарланбады.