Снуп Дог Олимпиада алауын алып жүрді

ПАРИЖ. KAZINFORM — Америкалық рэпер Снуп Догг Париждегі Олимпиада ойындары қарсаңында Олимп алауын алып жүру эстафетасына қатысты.  

снуп
Фото: instagram.com/paris2024

52 жастағы рэпер өзіне белгілеп берілген қашықтықта алауды алып өтті.   

— Алау сенімді қолда, — деп жазылған ХХХІІІ Олимпиада ойындарының Instargram аккаунтында.

Олимпиаданың басталуына санаулы сағаттар қалды.

Парижде қазір қызу дайындық жүріп жатыр.

Салтанатты шараны еліміздің жанкүйерлері тұңғыш рет бес бірдей телеарнадан тікелей эфирде көре алады. 

Олар — Qazaqstan, Qazsport, «Хабар», «Ел арна» және Jibek Joly телеарналары.

Осы аталған бес арна ойынның ресми ашылу салтанатын бірдей уақытта тікелей эфирде көрсетеді. 

Трансляция түнгі 22:30 кезінде басталады.