Sobrio Limited «Қазақтелекомның» жаңа ірі акционеріне айналды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақтелеком» АҚ ірі акционерлерінің құрамындағы өзгерістер туралы мәлім етті, деп хабарланды KASE сайтында

Sobrio Limited «Қазақтелекомның» жаңа ірі акционеріне айналды

 Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана), Қазақстан қор

биржасына (KASE) ақпараттық хабарлама ұсынды:

"Қазақтелеком" АҚ ірі акционері Sobrio Limited (ААҚ) компаниясы бір топтың аясында жасалған мәміле нәтижесінде Қоғамның үлестес тұлғаларынан Bodam B.V.және Deran Services B.V. (Нидерланды) акциялар пакетін сатып алды. Барлық үш компанияның меншік иесі Клебанов А.Я. болып табылады.

Sobrio Limited компаниясының мәміле нәтижесінде Қоғамның  24,47 % жай акцияларын алды.