SOCAR газ өндіруді 18 пайызға қысқартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы қаңтарда Әзербайжанның мемлекеттік мұнай компаниясы 570,2 млн текше метр газ өндірді, бұл 2014 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда (691,5 млн текше метр) 17,5 пайызға төмен. Бұл туралы SOCAR ресми сайтында орналастырған есепте хабарланды.
Тұтастай қаңтарда Әзербайжанда өткен жылмен салыстырғанда (2,69 млрд текше метр), 7,2 пайыз төмендей отырып, 2,496 млрд текше метр газ өндірілді. 2014 жылы Әзербайжанда жалпы газ өндіру 29 млрд 615,3 млн текше метрді құрады, оның 7 млрд 222,3 млн текше метрін SOCAR өндірді.
Өткен жылы SOCAR газ өндіруді 1,1%-ға ұлғайтқан. Сонымен 2013 жылы SOCAR компаниясының газ өндірісі 7 млрд. 140,1 млн. текше метрді құрады, бұл 2012 жылғы өндіру көлемінен (6 млрд. 924,6 текше метр) 3,1% -ға жоғары.