Сочи -2014: Гротхёйс голландықтарды тағы бір алтынмен қуантты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін конькимен жүгіруде ерлер 1000 метр қашықтықта бақ сынасты. Алтын медаль тағы да голландиялық жүйрікке бұйырды.
Бұл жолы Стефан Гротхёйстің жеңіс тойын тойлады.
Голландиялық конкимен жүгіру мектебінің өкілі бұл бәсекеде олимпиадалық рекорд орнатты, оның көрсеткіші - 1:08.39 секунд. Күміс медаль жеңімпаздан небәрі 0,04 секунд артта қалған канадалық Денни Моррисонға бұйырды. Ал үшінші орынды тағы бір голландиялық саңлақ Михел Мулдер еншіледі.