Сочи-2014 Олимпиадасына қазақстандық спортшыларды шетелдік жаттықтырушылар дайындауда - Е.Қанағатов

АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшыларды Сочиде өтетін Қысқы Олимпиадаға дайындау үшін шетелдік жаттықтырушылар тартылады,

Сочи-2014 Олимпиадасына қазақстандық спортшыларды шетелдік жаттықтырушылар дайындауда - Е.Қанағатов

деп хабарлады Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов Primeminister.kz сайтына берген сұхбатында.

«Біз коньки тебу спортындағы, мәнерлеп сырғанаудағы, шаңғы жарысындағы, шорт-тректегі, фристайлдағы және биатлондағы шетелдік жаттықтырушылар мен мамандарды жұмылдырдық», - деді Е.Қанағатов.

Сонымен қатар, ол шетелдік мамандарды тарту жаттықтырушыларға да, спортшыларға да пайда әкелетінін атап өтті. «Шетелдік жаттықтырушыларды тарту өз нәтижесін береді. Өз жаттықтырушыларымызға үйрету үшін оларды тартуымыз қажет. Бұл әлемдік тәжірибе. Барлық елдер шетелдік жаттықтырушыларды, сонымен бірге сервисмендерді, дәрігерлерді, психологтарды тартады», - деп толықтырды агенттік басшысының орынбасары.

Қазіргі уақытта Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық құрамасы 2014 жылғы Сочи Олимпиадасына 6 спорт түрі бойынша 22 лицензия жеңіп алды.

Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттіктің болжамына сүйенсек, Қазақстан жылдың соңына дейін 10 спорт түрі бойынша 40-тан астам лицензияға ие болады.

Сочи қаласындағы (Ресей) XXVII Қысқы Олимпиада ойындары 2014 жылдың 7-23 ақпан күндері аралығында өтетіні мәлім. Жарыс барысында 15 спорт түрі бойынша 98 медаль жиынтығы ойнатылады. Лицензиялық жарыс 2014 жылдың қаңтарына дейін жалғасады.