"Сочи-2014» Олимпиадасында Қазақстан құрамасы киiп шығатын киiм үлгiсiн жасаған дизайнердiң есiмi белгiлi болды

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгiн ҚР Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгiнде "Сочи-2014" Олимпиадасында Қазақстан құрамасы киiп шығатын киiм үлгiсiн жасаған дизайнердiң есiмi белгiлi болды.
None
None

Оның жеңiмпазы 952 дауыс жинаған Атырау қаласындағы «Айоко Бо» сән үйінің жұмысы. Екiншi орынды тек екi дауысқа қалып қойған танымал «Зибру» компаниясының киім үлгілері жеңiп алды. Үштiктi талдықорғандық Доу Гуан Чжоу Таистің жобасы тұйықтады.

"Мен әуелiде бұл байқауда жеңiмпаз атанатыныма сенген жоқпын. Бүгiн өзiмнiң арманыма жеттiм. Ендi мен сайлауға түсетiн президенттiкке үмiткерлердiң қандай күйде болатынын түсiндiм", - дейдi «Айоко Бо» сән үйінің жетекшiсi Айжан Боқаева.

Еске сала кетейiк, Қазақстанның ұлттық құрамасының 2014 жылы Ресейдің Сочи қаласында өтетін XXII Қысқы Олимпиада ойындарына киетін киім үлгілері бойынша ашық байқау жарияланған болатын.

Байқау барысында Қазақстанның түкпір-түкпірінен 19 жоба келіп түсті. Түркістан, Алматы, Атырау, Астана, Қостанай, Орал, Қарағанды және Жамбыл облыстарынан жобалар келдi. Сонымен қатар байқауға қатысуға ниет білдіргендердің ішінде АҚШ-тың Лос-Анжелес және Қытайдың Бейжің қаласында тұратын үміткерлер де болды. Олар - сол жақта оқып жатқан қазақстандық студенттер. Байқаудың бірінші кезеңі бойынша үш жұмыс іріктелiп алынды. Біріншісі - Бейжіңде оқып жүрген талдықорғандық Доу Гуан Чжоу Таистің жобасы, екіншісі - Атырау қаласындағы «Айоко Бо» сән үйінің жұмысы, ал үшіншісі - танымал «Зибру» компаниясының киім үлгілері. Бұл жұмыстар www.sport.gov.kz сайтына шығарылды. Үш күн ішінде қазақстандықтар оларды бағалап, дауыс бердi. Соның қорытындысы бойынша бүгiн жеңiмпаз анықталды.

Жеңімпаз XXII Қысқы Олимпиада ойындарының жолдамасына ие болса, 2-3-ші орын алғандарға олимпиадалық киім-кешек жиынтығы табысталады.

Соңғы жаңалықтар