Сочи-2014: Шаңғы жарысы бойынша Қазақстан құрамасының алдын ала құрамы анықталды

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Сочи-2014 Қысқы Олимпиадаға қатысатын шаңғы жарысы бойынша Қазақстан құрамасының алдын ала құрамы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сочи-2014: Шаңғы жарысы бойынша Қазақстан құрамасының алдын ала құрамы анықталды

Шаңғы жарысы бойынша Қазақстан құрамасының аға бапкері Владимир Сахновтың сөзіне қарағанда, Сочиге Алексей Полторанин, Николай Чеботько, Денис Волотка, Марк Старостин және Ердос Ахмадиевтердің баратынын анық.

Олар әлі 1-2 лицензияны күтуде. 18 қаңтарда FIS олимпиядалық рейтингі жабылады, ал 21-і күні жалпы бұқараға жарияланады.

Әйелдер құрамасына келсек, жаттықтыру штабы спортшылардың есімдерін атауға әзірше дайын емес, бірақ Сочиге баратындардың тізімінде 6-7 шаңғышы қыздар бар екен. Еске сала кетейік, олимпиада 7-23 ақпан аралығында Сочиде өтеді. Оның ашылу салтанатында Қазақстан туын шаңғышы Ердос Ахмадиев алып жүреді