Сочи маңында 46 жолаушысы бар жүк көлігі өзенге құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сочидің Лазарев ауданында болған ЖКО салдарынан бір адам қаза болды, үш бала зардап шекті.

Сочи маңында 46 жолаушысы бар жүк көлігі өзенге құлады

Жарақаттанғандар ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Нақтыланған мәліметтер бойынша, ГАЗ-66 автокөлігі серуеннен оралған 28 адамды (ішінде 20 бала) алып келе жатқан. Сәрсенбі, 9 шілдеде Бабук-Аул елді мекені маңында машина апатқа ұшырады. Жүргізуші жүк көлігін жасанды төсеме үйменің үстінде тоқтатпақ болған, бірақ көлік өзенге құлады. Алдын ала болжамға қарағанда, еңіске түскен сәтте тежегіш істен шыққан.

Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр.