Сочи Олимпиадасына жарты миллион текше метрге жуық қар дайындалды
АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - Сочи Олимпиадасындағы нысандарға қажетті қар мөлшері әзірленді.
Бұл туралы Ресей Олимпиада комитетінің басшысы Александр Жуков мәлім етті. Оның сөзіне қарағанда, жарты миллион текше метрге жуық қар дайындалған.
Еске сала кетсек, Сочидегі Қысқы Олимпиада алдағы жылдың 7-23 ақпаны аралығында өтеді.