Сочи Олимпиадасының бағдарламасы алты спорт түрімен толықты

АСТАНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат - 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысушылар Сочиде бағдарламаның жаңа алты түрі бойынша медальдарды сарапқа салатын болады.

Сочи Олимпиадасының бағдарламасы  алты   спорт түрімен  толықты

Халықаралық Олимпиадалық комитет осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.

Сочи Олимпиадасының бағдарламасына әйелдер арасында шаңғымен тұғырдан секіру, мәнерлеп сырғанаудан және шаңғы спортынан командалық жарыстар, ерлер мен әйелдер арасында шаңғы хафпайп спорты және аралас биатлон жарысы еніп отыр.

"Бағдарламаға тағы басқа да жарыс түрлерін енгізу, оның ішінде тау шаңғысы бойынша командалық жарыс түрін енгізу туралы шешім де қабылданып қалуы ықтимал", - деп мәлім етті Халықаралық Олимпиадалық комитеттің спорттық директоры Кристоф Дуби.