Сочи Олимпиадасының бойтұмары тұңғыш рет халық дауысымен таңдалады

АСТАНА. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат - 2014 жылғы қысқы Сочи Олимпиадасының бойтұмары олимпиадалық қозғалыстың тарихында тұңғыш рет жалпыхалықтың дауыс беру жолымен таңдалатын болды.

Сочи Олимпиадасының  бойтұмары тұңғыш рет  халық дауысымен   таңдалады

«Сочи-2014» ұйымдастыру комитетінің президенті Дмитрий Чернышенконың хабарлауынша, Олимпиада символына қатысты «идеялар жинау» шарасы ағымдағы қыркүйектің 1-інде басталады, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Қалыптасқан дәстүр бойынша бойтұмар қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындары басталардан 3 жыл бұрын таныстырылуы керек. «Біз бұрын-соңды болмаған шешім қабылдадық - бойтұмарды бүкіл ел болып таңдайтын боламыз», -дейді Чернышенко.

«Сочи-2014» ұйымдастыру комитеті осы мақсатта www.talisman.sochi2014.com адресі бойынша арнайы интерактивті алаң ашады.