12:54, 08 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Сочиде 5 қабатты ғимарат өртенуде, адамдар шығыны бар
АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - Сочиде 8 желтоқсанға қараған түні сағат 4:00 шамасында қаланың орталығында Чебрикова көшесінің бойында орналасқан 5 қабатты ғимарат отқа оранды.

Жалын шамамен 1200 шаршы метрді шарпыды. Бұл туралы Краснодар өлкесі бойынша ТЖД хабарлады.
Қазіргі уақытта 1000 шаршы метр аумақта өрттің таралуы тоқтатылды. Өрт ғимараттың 5-қабатынан басталды, осы кезде оның шатыры толығымен жанып кетті. Тілсіз жауды ауыздықтауға 60 адам мен 22 техника жұмылдырылды. Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар әйелдің мәйітін тапты.
Тұрғын үйден 500-ге жуық адам қауіпсіз аймаққа көшірілді, мәскеу уақыты бойынша сағат 06.00-дегі жағдай бойынша, 9 пәтер жалынға оранып жатты. Хабарланғандай, тұрғындар уақытша жақын маңдағы шипажайларға орналастырылатын болады.