Сочиде ғажайып бала дүниеге келді

АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Краснодар өлкесінде бірегей жағдай орын алды: Сочидің перинаталды орталығында ішкі ағзалары айнадағы көріністей қарама-қарсы орналасқан бала дүниеге келген,

Сочиде ғажайып бала дүниеге келді

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Мұндай құбылыс он мың адамның ішінен біреуінде ғана кездеседі. Сочиде мұндай бала алғаш рет туып отыр. Дәрігерлер жаңа туған сәбидің денсаулығында қауіпті ауытқудың жоқтығын атайды. Жағдай жақсы күйінде қалса, бірнеше аптадан кейін сәби мен анасы үйге шығарылады.