Сочиде Олимпиада ойындарының Бас баспасөз орталығы тәуліктік жұмысын бастайды

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Сочиде жұма күні ХХII Олимпиада ойындарының Бас баспасөз орталығы тәуліктік жұмысын бастайды.

Сочиде Олимпиада ойындарының Бас баспасөз орталығы тәуліктік жұмысын бастайды

Сондай-ақ, 2014 жылғы Олимпиаданың тау кластерінде «Горки» медиаорталығын ашу көзделген.

Сочидің Олимпиадалық паркіндегі Бас медиаорталық журналистер үшін есігін 7 қаңтарда ашқан еді. Алайда осы уақытқа дейін тәулік бойы жұмыс істемей келді.

Жалпы көлемі 158 мың шаршы метрден асатын негізгі медиаорталықтан кейін аумағы 20 мың шаршы метр болатын Бас баспасөз орталығы мен Халықаралық хабар тарату орталығы орналасқан. Соңғысының көлемі 60 мың шаршы метр.

Ақпараттық агенттіктердің офистері үшін 3,6 мың шаршы метр жер бөлініпті. Оған әлемнің 43 жетекші БАҚ өкілдері орналастырылады, деп атап өтті "Сочи 2014" Олимпиадасының ұйымдастырушылары. Бұл жерде күн сайын журналистермен 18-ге жуық кездесу болады деп күтілуде. Баспасөз мәслихаттары орыс, ағылшын, француз, неміс, итальян, қытай, корей және жапон тілдеріне аударылады.

«Бас медиаорталықта БАҚ өкілдері мен телерадиохабар тарататын компаниялардың жұмыс жасауына барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Ғимарат Олимпиада паркінің спорт нысандарына жақын орналасқан», - деп атап өтті "Сочи 2014" президенті Дмитрий Чернышенко.