Сочиде спортшы жатқан үйге қасқыр кіріп кетті - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ спортшысы Кейт Хансен Олимпиада қалашығындағы үйіне қасқыр кіріп кеткенін хабарлады.
Спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына «Менің дәлізімде қасқыр жүр» деп жазып қойған. Сондай-ақ, ол тығылып тұрып дәлізде емін-еркін кетіп бара жатқан қасқырға ұқсас аңды таспаға түсіріп алған. YouTube желісіне қойылған бұл жазба бір тәуліктің ішінде 154 400 рет тамашаланған екен.
Жалпы, бұл Сочи Олимпиадасындағы қаңғыбас иттерге қатысты алғашқы жағдай емес. Бұған дейін АҚШ-тан келген қонақ Нейл Дререр жарыс өтіп жатқан аймақта жүздеген қаңғыбас иттердің жүргенін, тіпті соның бірін өз еліне алып кетпек ойы барын айтқан болатын, деп жазады Росбалт.