Сочиде су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды

АСТАНА. 25 қыркүйек. ҚазАқпарат - Сочиде топан су басудың салдарынан төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлады Ресейдің ТЖМ баспасөз қызметінен.

Сочиде су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды

24 қыркүйек күні кешке Сочи әкімшілігінде төтенше жағдайлар бойынша комиссия бүгін курорт аумағындағы барлық балабақша мен мектептегі оқуды тоқтату туралы шешім шығарды, деп хабарлады РБК.

Лазарев ауданы тұрғындарының бір бөлігі (50 адам) 24 қыркүйек күні Лоо мен Нижняя Лобза елді-мекендерінен қауіпсіз жерге көшірілді. 24 қыркүйек күнгі мәліметтер бойынша, 20:00-де судың тасқнының деңгейі сағатына 6 мың текше метрді құраған. Су апатының зардабын бәрінен де Адлерский және Лазаревский аудандары тартып отыр. Мзымта өзенінің суы күрт көтеріліп, күшті ағын балық шаруашылығы ауданындағы жаяу жүргіншілер өтетін көпірді шайып кеткен.

Ресейдің ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, апаттың салдарын жою үшін 1 700 құтқарушы мен 446 техника тартылған. Олар күрделі учаскелерді, бәрінен бұрын өтетін көпір жолдарын, мұнай құбырларын, әлеуметтік маңызды нысандарды қарап шығады.

РБК-дан хабарлағандай, Ресей ТЖМ ресми өкілі Ирина Россиус қазіргі уақытта су астында қалған аймақтарды судың деңгейі біртіндеп төмендеп келе жатқанын, әуе және темір жол қозғалысы штаттық режімде жүргізіліп жатқынан мәлімдеді. «Жағдайды ұшқышсыз ұшу аппараты үнемі бақылап отыр. Түні бойы су басқан ғимараттардан су шығару және жағалаудағы күшейту жұмыстары жүргізілді», - деп қосты И.Россиус.