Сочиде ұрланған маймыл мен тотықұс 5 жылдан кейін Мәскеуден табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде полицейлер Сочи жағалауында фотоға түсу үшін пайдаланылған жануарларды ұрлаған жанды қолға түсірді.

Сочиде ұрланған маймыл мен тотықұс 5 жылдан кейін Мәскеуден табылды

Бұлар осыдан бес жыл бұрын жоғалып кеткен еді,- деп хабарлады "Интерфакс" агенттігіне  жұма күні Краснодар өлкесі бойынша ІІМ МБ баспасөз қызметінен.

Сочиде фотографпен бірге «жұмыс» істеген маймыл мен тотықұсты  2011 жылы ұрлап кеткен болатын. Ұры қылмыстық жауапкершіліктен құтылу үшін тұрғылықты жерін үнемі ауыстырып отырған.

«Арамойлы Мәскеуде,  соңғы уақытта  жалға алып, жасырынып жүрген пәтерінде ұсталды», - деп атап өтті баспасөз қызметінің өкілі.

Оның айтуынша, жоғалған жануарлар да сонда болған. Маймыл мен тотықұс иесіне қайтарылды.