Сочиде жолаушылар автобусы апатқа ұшырады: 11 адам зардап шекті
АСТАНА. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат - Сочидің Хостинский ауданында үлкен жол-көлік оқиғасы орын алды. Жолаушылар автобусы Foton жүк көлігімен соқтығысып қалып, оқиға салдарынан 11 адам зардап шекті, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Қалалық ішкі істер департаментінен хабарлағандай, жол апаты Хостинский тоннелінен шыға берісте болған. Алдын-ала долбар бойынша, оқиғаға жүк көлігінің жүргізушісі кінәлі.
Оқиға бойынша қазір тексеру жүргізілуде.