Сочидегі халықаралық туристік көрмеде Қазақстан өз ұлттық павильонын ұсынды
Қазақстандық туриндустрияның өкілдері еліміздің туристік әлеуетін көрсету үшін Сочиге өте қызық мәдени бағдарламамен келді. Сочилік көрмеге қатысуды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Қазақстандық павильонның салтанатты ашылу рәсіміне Сочи қаласының мэрі А.Пахомов, Краснодар өлкесі Шипажайлар, туризм және олимпиадалық мұра министрі Х.Константиниди және Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Краснодар өлкесі бойынша құрметті консулы В.Мохначев қатысты.
Еліміздің ғажайып табиғатымен бірге стенд көрермендері мәдениетімізбен нақты уақыт тәртіптемесінде танысты, сазсырнай, шаңқобыз және дабыл сияқты ұлттық аспаптарда ойнау бойынша мастер-класстарға қатысты. Әрине, барлық қонақтар бауырсақтан, қазақстандық шоколадтан және ұлттық тағамдардан дәм татты. Ал «Қазақ дастарханы» мастер-классына қатысқандар қазақ асханасының бірегей өнімі - құртты дайындаудың рецептімен таныса алды.
Hilton Astana 5 жұлдызды қонақүйінен сертификат ұтып алу мүмкіндігі барлық қонақтар үшін қосымша жағымды сыйлық болды.
"Астана Конвеншн Бюро" ЖШС, "Солтүстік Қазақстан бойынша туристік ассоциация" ҚҰ, "Әзірет-Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы, "Көкжайлау-Астана" ЖШС кірген команданың үйлесімді жұмысы Ресей тұрғындарына Қазақстанды жақындата түсті, ал b2b форматындағы кездесулер іскерлік әріптестермен мықты және жылы қатынастарды нығайтуға мүмкіндік берді.