Сочидегі өрт: 8 адам мерт болып, үшеуі ауруханаға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сочиде жапсыра салынған қоғамдық тамақтану орнынан өрт шығып, соның салдарынан 8 адам мерт болды және үшеуі зардап шекті. Бұл туралы bbc.com қала мэриясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сочидегі өрт: 8 адам мерт болып, үшеуі ауруханаға түсті

Қазіргі таңда өрт сөндірілді.

Мэрияның хабарламасында барлық зардап шегушілер мен қаза тапқандардың ТМД елдерінен барған жалдамалы жұмысшылар екендігі көрсетілген.

Сондай-ақ, ТЖ орнынан үш адам, соның ішінде 16 жастағы жасөспірім ауруханаға жеткізілген.

Тергеу комитеті хабарлағандай, «екі немесе одан да көп тұлғаны абайсызда өлтіріп алу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қаза тапқандардың арасында сәби бар.

Қала билігінің дерегі бойынша,  қоғамдық тамақтануға арналған бастырма жанып, өрт уақытша металл құрылымына ауысқан.

Ведомствоның мәліметінше, қаланың өрт сөндіру бөлімшелеріне  өрт туралы хабар сағат таңғы 05.40-та түскен, тілсіз жау 7: 43-те ауыздықталды.