Сочидегі Паралимпиада ойындарының билеттерін сату 2010 жылғы Ванкувердегі рекордтан асып түсті
АСТАНА. Қазақпарат - Сочидегі Паралимпиада билеттерінің сатылуы ойындардың ресми ашылу салтанатына дейін-ақ 2010 жылғы Ванкувер - 2010-да орнатылған рекордтан асып түсті, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Паралимпиада ойындары аясында өткен баспасөз мәслихатында "Сочи-2014" ұйымдастыру комитетінің вице-президенті Александра Костерина хабарлағандай, бүгінде 283 мыңнан астам билет сатылып та қойды.