Сочидегі «Роза Хутор» шипажайындағы қар көшкінінен 2 адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сочидегі «Роза Хутор» тау шаңғысы шипажайында қар көшкіні орын алып, екі адам қаза тапты. Бұл жайында РФ ТЖМ оңтүстік өңірлік іздеу-құтқару отрядынан хабарлады.
None
None

Қайғылы оқиғаға куә болғандардың сөзіне қарағанда, қар көшкіні 6 шаңғышыны басып қалған. «Лабиринт» трассасының ортаңғы учаскесінде қар көшкіні орын алды. Көлемі 80 текше метрді құрайтын қар көшкіні мәскеу уақыты бойынша 12.00-де жүрді», - делінген шипажайдың ресми сайтында. «Роза Хутор» шипажайы ақпаратына қарағанда, қар көшкіні орын алған кезде трассада алты адам болған. Олардың төртеуі еш зардап шекпегенімен, екеуі қар астында қалып қойды. Құтқару операциясы жүргізілгеннен кейін екі әйелдің мүрделі шығарылды. Оларды құтқаруға талпыныс жасалғанмен, өкінішке орай, одан еш нәтиже шыққан жоқ. Айта кетейік, олимпиада және паралимпиада ойындарынан кейін «Роза Хутор» туристер мен шаңғышылар үшін тек кеше ғана ашылған болатын.

Соңғы жаңалықтар